22 тамызда Қазақстанның жеті қаласында ауа ластануы күтіледі

22 тамызда Қазақстан Республикасының жеті қаласында ауа ластануы күтіледі, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

22 тамызда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы қалаларында, түнде Астана мен Атырауда ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ туындаған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың (жел, шөгінділер, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы. Қолайсыз метеожағдайларда мыналар ұсынылады: ашық ауада, әсіресе автожолдарға немесе басқа ластау көздеріне жақын жерде болу уақытын қысқарту;

балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;

өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдарға ашық ауада болған кезде дәрілік заттарды жанында ұстау;

ашық ауадағы дене жүктемесін шектеу, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды жабық спорт кешендерінде өткізу ұсынылады.

Ұқсас ақпараттар