Көліксіз техникалық қарап тексеру өтпейді: Қазақстанда не өзгерді?

Құжатқа сәйкес, техникалық қарап тексеру үшін электронды диагностикалық карта әзірленді, онда стационарлық және мобильді қарап тексеру пункттерінен көліктің барлық деректері тіркеледі, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Техникалық қарап тексеруді өткізу уақыты бекітілді – көлік санаты мен түріне байланысты 15-тен 30 минутқа дейін. Техникалық қарап тексеру орталықтарының бағдарламалық қамтымасы талаптарға сәйкестігіне жарты жылда бір реттен сиретпей тексеріледі. Сондай-ақ, бірыңғай ақпараттық жүйе көліктің станцияға нақты кірместен диагностиканы ресімдеу әрекетін автоматты түрде тоқтата алады.

Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, бұл жаңалықтар автомашиналардың техникалық жағдайын айтарлықтай жақсартып, елдегі автопаркті жаңартады.

«Бірден айтайын, жемқорлық барынша азаяды. Мұнда жеке кәсіпкерлерге тиімсіз болады, лицензиялар алынады. Жемқорлық азайғандықтан, жол-көлік оқиғалары да азаяды. Машиналар сапалы және техникалық жарамды болып шығады», — деді автоадвокат Алексей Катунцев.

Техникалық қарап тексеру станцияларын ашу қағидалары да қатаңдатылды. Енді мұндай орталықтардың иелері БАЖ операторына бірқатар құжаттарды ұсынуы керек – ЖК тіркеу куәлігінен және аумақ пен үй-жайдың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігі туралы ақпараттан бастап, әрбір жабдықтың ID идентификаторларының деректеріне дейін.

Ұқсас ақпараттар