Тараздағы ойын клубында өрт шықты

Таразда Ташкент көшесіндегі үш қабатты ойын клубы ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына алғашқы құтқару бөлімшелері келген кезде ғимарат ішінде ашық жалын мен қатты түтін байқалған.

«Өрт бөлімшелердің күшімен қысқа мерзімде сөндірілді. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрттің жақын орналасқан тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомство зардап шеккендер жоқ екенін және өрт себебі әлі анықталып жатқанын нақтылады.

Ұқсас ақпараттар