Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модиге елдің Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Мемлекет басшысы Үндістанның халықаралық қатынастардағы маңызды рөлін, сондай-ақ елдің жоғары экономикалық жетістіктері мен ғылыми-техникалық әлеуетін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамуын атап өтіп, түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін атап көрсетті.
Президент Нарендра Модиге қызметіне табыс, ал Үндістан халқына бақ-береке тіледі. Бұған дейін Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттарын жолдаған болатын. Сондай-ақ елдің Премьер-Министрі Шахбаз Шарифтің Астанаға мемлекеттік сапармен келетіні белгілі болды.


