Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Қызылжар ауданының Якорь және Петерфельд ауылдары арасындағы далада адасып кеткен қызды тапты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
1993 жылы туған қыз Петерфельд ауылына қарай жаяу кетіп бара жатып, жолдан адасып қалған. Құтқарушылар оның ұялы телефонының сигналы арқылы іздеудің шамамен қай ауданда жүргізілетінін анықтады. Ол Якорь ауылындағы құс фабрикасынан алыс емес жерде болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аумақты тексеру үшін ұшқышсыз аппаратты пайдаланды. Дронның көмегімен қыз Якорь ауылынан шамамен екі шақырым жердегі жүгері алқабынан табылды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.

