Ақтөбеде жылан шаққан 16 жасар жасөспірім жансақтау бөліміне түсті

Ақтөбеде 16 жасар жасөспірімді жылан шағып алды. Оқиға «Автомобилист-2» бау-бақша ұжымында болған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Жылан жасөспірімнің табанын шаққан. Туыстары жедел жәрдем шақырғаннан кейін, зардап шегушіні ауруханаға жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімді қара жылан шағуы мүмкін. Аймақтың Төтенше жағдайлар департаменті оған жыланға қарсы сарысу енгізілгенін хабарлады. Қазір жасөспірім ем қабылдауын жалғастыруда. Оның жағдайы орташа ауырлықта деп бағалануда.

Ұқсас ақпараттар