Ақмола облысында бірден үш орман өрті болды. ҚР Экология министрлігі 11 тамызда үш орман өртінің сөндірілгенін хабарлады, олардың барлығы Ақмола облысында тіркелген, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
«Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлерінің авиациялық патрульдеуі барысында және орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы дер кезінде анықталды. Жедел хабарлаудың арқасында қажетті күштер мен құралдар өрт орындарына уақытылы жетті. Нәтижесінде өрт ошақтары қысқа мерзімде оқшауланып, толығымен жойылды», — делінген ведомство хабарламасында.
Ыстық ауа райы кезеңінде экологтар мен өрт сөндірушілер табиғатта тынығушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.


