11 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

11 тамыз, сейсенбі күні Қазақстанда ауа райы аймақтарға қарай айтарлықтай ерекшеленеді. Оңтүстікте ауа температурасы +44 °C дейін көтерілсе, терістікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, сондай-ақ найзағай, бұршақ және дауылды жел болады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Күндіз Астанада 36-38 градус ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, күндіз екінші жартысында облыстың таулы аймақтарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ болады.

Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус ыстық күтіледі. Облыстың батысында, терістігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласы, күндіз екінші жартысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус ыстық. Қонаев қаласы: күндіз 35-37 градус ыстық. Іле Алатау тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) 11 тамызда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, күндіз екінші жартысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан соққан жел облыстың таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың терістігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласы: күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан соққан жел күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қаласы: күндіз 40-41 градус ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Ұлытау облысының батысында, терістігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-39 градус ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласы: күндіз 37-39 градус ыстық. Төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай.

Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың терістігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, терістігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласы: күндіз 35 градус ыстық. Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау қаласы: күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Күндіз 35-36 градус ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Павлодар облысының батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласы: күндіз 35-37 градус ыстық. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус ыстық күтіледі. Облыстың терістігінде жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласы: төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысында 35-37 градус ыстық. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Семей қаласы: 11 күндіз 35 градус ыстық. Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының батысында, терістігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыстың терістігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласы: солтүстік-батыстан соққан жел күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, терістігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың терістігінде кей уақытта қатты жаңбыр. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел облыстың батысында, терістігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с. Облыстың батысында, терістігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласы: 11 жаңбыр, найзағай, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында 35-37 градус ыстық. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласы: күндіз 35 градус ыстық. Күндіз Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан жел облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 38-42 градус ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтау қаласы күндіз 38-39 градус ыстық. Жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыстың таулы аймақтарында 15-20 м/s. Облыс бойынша күндіз 38-40 градус ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласы: күндіз 38 градус ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Жетісу облысының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік-шығыстан соққан жел Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус ыстық күтіледі. Облыстың терістігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қаласы: күндіз 36-38 градус ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Ақмола облысының батысында, терістігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, терістігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетау қаласы: күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай.

Күндіз Қызылорда облысының терістігінде, орталығында шаңды дауыл. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыстың терістігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40-44 градус ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласы: күндіз 42-44 градус ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұқсас ақпараттар