Қазақстан қызмет көрсету экспорты бойынша Өзбекстанды басып озды

Қазақстан қызмет көрсету экспорты бойынша Өзбекстаннан озып кетті. Бұл ретте әлемдегі ең ірі экспорттаушы АҚШ болып қалды, оның көлемі 1,2 трлн долларды құрады. Одан кейін Ұлыбритания (719,6 млрд долл.), Ирландия (2024 жылдың қорытындысы бойынша 525,9 млрд долл.), Германия (518 млрд долл.) және Франция (428,8 млрд долл.) орналасты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz Finprom.kz дерегіне сілтеме жасап.

Қазақстан 12,8 млрд доллар көрсеткішімен 180-нен астам ел мен аумақтың ішінде 69-орынды иеленді. ҚР-ға әлемдік қызмет көрсету экспортының шамамен 0,13%-ы тиесілі. ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында Қазақстаннан жоғары көрсеткіш тек Ресейде байқалды: 46,3 млрд долл. Беларусьтің қызмет көрсету экспорты 11,7 млрд долларды, Өзбекстанның — 9,3 млрд долларды, Арменияның — 6,1 млрд долларды құрады.

Қырғызстанның 2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіші 3,3 млрд долларға жетті, ал Тәжікстанның 2025 жылғы көрсеткіші — 200 млн доллар. Түрікменстан бойынша деректер болмады. Қазақстан сатқаннан гөрі көп қызмет сатып алды.

Ұқсас ақпараттар