FlyArystan Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағытындағы рейстерді орындауды 15 қыркүйекті қоса алғанда ұзартты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
«Тоқтатылған рейстердің жолаушылары билет құнын сатып алған жерінен айыпсыз толық қайтарып ала алады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұған дейін осы бағыттағы рейстердің 29 тамызды қоса алғанда тоқтатылғаны хабарланған болатын.


