Қазақстандықтарға аптап ыстық пен дауылды жел туралы ескерту жасалды

 +42 °С дейін ыстық және дауылды жел туралы ескертілді. «Қазгидромет» РМК 9 тамыз, жексенбі күні Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Абай облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік бағыттан, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градусқа жетеді.

Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Семейде түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысында қатты ыстық 38-42 градусқа жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қауіпі сақталады. Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз қатты ыстық 35-37 градус. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазғанда жел солтүстік-шығыстан, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз қатты ыстық 35 градус. Төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, кейде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз қатты ыстық 35-37 градус күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қонаевта күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі. Іле Алатау тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) күндіз жаңбыр, найзағай, кейде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе облысында жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысып, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 35-38 градус. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде күндіз қатты ыстық 36-38 градус күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кейде 23-28 м/с болады. Күндіз қатты ыстық 35-36 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Талдықорғанда жел солтүстік-шығыстан, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз қатты ыстық 35-36 градус күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Күндіз қатты ыстық 40-41 градус күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Шымкентте жел солтүстік-шығыстан, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістанда жел солтүстік-шығыстан, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз қатты ыстық 40-41 градус күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болады. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 38 градус күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Таразда жел солтүстік-шығыстан, күндіз екпіні 15-20 м/s болады. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 40 градус күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылордада күндіз қатты ыстық 40 градус күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Петропавлда жел оңтүстік-батыстан, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық 35-38 градус күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда күндіз қатты ыстық 35-36 градус күтіледі. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодарда жоғары өрт қауіпі сақталады. Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық 40-41 градус күтіледі. Атырауда күндіз өте қатты ыстық 40-42 градус күтіледі.

Ұқсас ақпараттар