АҚШ Иранның үш ұйымына салынған санкцияларды алып тастады. Бұл туралы Sayasatlive.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ Ислам революциясы күзетшілер корпусымен (ИРКК) байланысты екі ұшақ пен үш ұйымға қатысты санкцияларды алып тастағаны атап өтілді.
Шілде айының соңында АҚШ Қаржы министрлігі Иранға қарсы санкцияларды кеңейтіп, тізімге 10 заңды тұлға мен 8 мұнай танкерін қосты. Шектеулер Иранда, Гонконгта және Маршалл аралдарында тіркелген компанияларға қатысты болды.

