Үндістанның Faize Noore Oliya жүк кемесі Йемен жағалауында батып кетті

Үндістанның Faize Noore Oliya жүк кемесі Йеменнің аумақтық сулары маңында шабуылға ұшырап, батып кетті. Бұл туралы Үндістанның кеме қатынасы министрі Сарбананда Соновал өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады Sayasatlive.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Йеменнің жағалау күзеті Қызыл теңізде миналанған қайықтың шабуылына ұшыраған үнділік жүк кемесінің экипажын құтқарды. «Экипаждың барлық 14 мүшесі (оның ішінде 13 үндістандық) Йеменнің жағалау күзеті құтқарды», — деп жазды ол.

Қазіргі уақытта экипаж мүшелері Моха портында. Үндістан кемеге жасалған шабуылды айыптады.

Ұқсас ақпараттар