«Туристік Қамқор» қоры қазақстандықтарға TourCode-тың бар-жоғын тексеру қажеттігін еске салды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
“Ұшып шығар алдында турыңыздың Қазақстан Республикасының туристерге кепілдік беру жүйесінде тіркелгеніне және сізге TourCode берілгеніне көз жеткізіңіз. TourCode турыңыздың кепілдік беру жүйесінің қорғауында екенін растайды. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде, жүйе қолданыстағы заңдарға сәйкес туристерді Отанына қайтаруды қамтамасыз етеді», — делінген Қордың ақпаратында.
Бұған дейін Туризм және спорт министрлігі қазақстандықтарға турагенттіктен тур сатып алмас бұрын, сатудың заңдылығы мен құқықтық қорғауды растайтын құжаттар бумасын сұратып, тексеруді ұсынған болатын. Ең алдымен, турагенттік қызметті бастау туралы хабарламаның бар-жоғына көз жеткізу қажет. Турагенттік мемлекеттік электрондық реестрге енгізілуі тиіс, бұл оның ресми мәртебесін растайды.
Туристік қызмет көрсетуге шартқа қол қою маңызды кезең. Құжатта сапардың елі мен күндері, толық құны, төлем және күшін жою шарттары, тараптардың жауапкершілігі, сондай-ақ ақша қаражатын қайтару тәртібі нақты көрсетілуі керек. Қаржылық құжаттарға ерекше назар аудару қажет. Төлемнен кейін фискалдық чекті міндетті түрде талап етіңіз. Ақшаны менеджерлердің жеке шоттарына аудармау маңызды, себебі тек ресми төлем құжаты мәміленің жасалғанының дәлелі. Брондау расталғаннан және тур толық төленгеннен кейін, агент саяхатқа арналған құжаттар бумасын беруге міндетті.
Оған қонақүйді, тамақтануды және трансферді көрсететін ваучер, әуе билеттері немесе бағдарғы-түбіртектер, сақтандыру полисі және туристердің құқықтарын міндетті кепілдендірудің қолданыстағы жүйесі шеңберінде қорғау кепілдігі болып табылатын туркод кіреді.


