Үлкен Алматы көлі маңындағы төтенше жағдай: ТЖМ туристі құтқарды

Төтенше жағдайлар министрлігі Үлкен Алматы көлінен жоғары, шекара заставасы маңындағы 2511 метр биіктікте 23 жастағы туристің аяғын тобығынан қайырып алып, таудан өз бетінше түсе алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz

Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері зардап шеккен қыз табылған жерге көтеріліп, оны төменге алып түсті. Төменге түскен соң, қыз туыстарымен бірге үйіне кетті.

Оған медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдайлар министрлігі таулы жерге шығар алдында бағдардың күрделілігін ескеруді, қолайлы жабдықты таңдауды және өзінің физикалық мүмкіндіктерін бағалауды еске салады. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Ұқсас ақпараттар