Германияда Рейн өзеніндегі су деңгейі бірден бірнеше учаскеде төменгі межеге жетті. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, бұған созылмалы құрғақшылық себеп болған. Бұл құрғақшылық өзен көлігінің жұмысына және ел экономикасына әсер ете бастады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Германиядағы Рейн өзенінің үш учаскесінде су деңгейі рекордтық төмен деңгейге жетті. Тарихи ең төменгі деңгей Рурорт (Дуйсбург), сондай-ақ Дюссельдорф пен Кёльн аймақтарында тіркелді. Дереккөздің мәліметінше, 2 тамызда Рурорттағы су деңгейі 149 сантиметрді құрады, бұл 2022 жылдың тамызында орнатылған алдыңғы антирекордтан екі сантиметрге төмен.
Дюссельдорфта су 21 сантиметрге дейін төмендеп, бұрынғы ең төменгі деңгейді екі сантиметрге жаңартты. Кёльнде тарихи ең төменгі деңгей бір күн бұрын, 1 тамызда тіркелді. Басылым атап өткендей, Рейннің таяздануының басты себебі — соңғы айлардағы ұзаққа созылған құрғақшылық және айтарлықтай жауын-шашынның болмауы. Су деңгейінің төмендеуі кеме қатынасы үшін қиындықтар туғызуда. Таяздануға байланысты кемелер жүктемені азайтуға немесе бағыттарды өзгертуге мәжбүр, бұл логистикаға кері әсер етіп, Германия экономикасына ықпал етуде.


