Трамп АҚШ президенттігіне қайта сайлануға ниетті екенін әзілдеп айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп келесі АҚШ президенті болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ол бұл туралы Real America’s Voice телеарнасына берген сұхбатында әзілдеп айтты.

«Келесі президент супергений болып көрінеді, өйткені зауыттар ашылады, жұмыс орындары болады, ел қалпына келтіріледі, ал бұл оның еңбегі болып саналады», — деп түсіндірді Трамп өзінің тілегін.

Трамптың президенттік мерзімі 2029 жылдың қаңтарында аяқталады — ол кезде оның жасы 82-де болады. Бұл ретте, Америка заңдарына сәйкес, президент қызметін тек екі рет атқаруға болады, сондықтан Трамп қайта сайлана алмайды.

Ұқсас ақпараттар