ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Daryn.online платформасы пайдаланушыларының дербес деректерінің ашық дереккөздерде таралуы туралы ақпаратқа байланысты басталған тексеру туралы мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Тексеруден кейін 4,2 млн жазбаның дербес деректерінің таралу фактісі анықталмады. «Daryn.online» ЖШС ақпараттық жүйесіндегі дербес деректердің нақты көлемі 90 мыңнан астам жазбаны құрайды, бұл жарияланымдарда көрсетілген көлемдегі деректердің бұзылу мүмкіндігін жояды.
«Сонымен қатар, дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптарының бұзылғаны, оларды қорғау жөніндегі міндетті шаралардың тиісінше орындалмауы анықталды», — делінген ведомство хабарламасында.
Министрлік компанияға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79-бабы бойынша әкімшілік айып салынғанын атап өтті.


