Синоптиктердің хабарлауынша, шілденің соңғы күні Алматыда және түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Қолайсыз метеожағдайлар атмосфералық ауаның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі. Қолайсыз метеожағдайлар туындаған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.
Қолайсыз метеожағдайларда ашық ауада, әсіресе автожолдарға немесе басқа ластану көздеріне жақын жерде болу уақытын қысқарту ұсынылады. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тартуы керек.
Өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді жанында ұстауы қажет.

