Астана-Қарағанды тасжолы жөндеуге байланысты ішінара жабылады

Астанада Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі учаскеде Астана-Қарағанды тасжолының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп Sayasatlive.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған байланысты 29 шілде мен 12 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағынан ұйымдастырылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағдарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады», — делінген хабарламада.

 

Ұқсас ақпараттар