Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркелді

Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркелді. 24 шілдеде Қазақстанның бірқатар қаласында атмосфералық ауа сапасының нашарлауына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған еді, деп Sayasatlive.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің деректеріне сәйкес, күндіз Ақтөбе қаласында қолайсыз метеожағдайлар күтіледі. Түнгі уақытта мұндай жағдайлар Атырау, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау қалаларында болжанады.

Қолайсыз метеожағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін факторлардың үйлесімімен сипатталады. Мұндай кезеңдерде тұрғындарға, әсіресе тыныс алу органдары мен жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдарға ашық ауада болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту ұсынылады.

Ұқсас ақпараттар