Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жарияланды. 23 шілдеде Ақтөбе қаласында атмосфералық ауа сапасының нашарлауына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп Sayasatlive.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Түнгі уақытта Атырау қаласында да осындай жағдай болжанады.
Тұрғындарға мүмкіндігінше ашық ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдарға, балаларға және қарттарға назар аудару ұсынылады.
Сондай-ақ, көшедегі дене жүктемесін шектеу және метеоқызметтердің ресми хабарламаларын қадағалау ұсынылады.

