Молдовада Василе Тофан бастаған үкімет құрамы бекіді

Молдова парламенті қаржыгер Василе Тофан бастаған үкіметтің бағдарламасы мен құрамын бекітті, деп Sayasatlive.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Парламент төрағасы Игорь Гросудың айтуынша, бағдарламаны бекіту және үкіметке сенім білдіру туралы қаулы жобасын 53 депутат мақұлдаған.

11 шілдеде Молдова президенті Майя Санду Тофанды елдің премьер-министрі лауазымына кандидат ретінде ұсынды. Молдова үкіметі басшысының лауазымы 3 шілдеде босады, сол кезде 2025 жылдың қарашасынан бері осы қызметті атқарған Александр Мунтяну отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.

Ұқсас ақпараттар