Иранның Иорданияға шабуылы: Америкалық әскери қызметкерлер қаза тапты

АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, Иорданиядағы шабуылдан екі америкалық әскери қызметкер қаза тауып, тағы біреуі хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Төрт сарбаз ауруханаға жеткізілген, бірнешеуі жеңіл жарақат алған.

АҚШ мәліметі бойынша, Иранмен қақтығыс кезінде қаза тапқан америкалық әскери қызметкерлер саны 16 адамға жетті.

Шабуыл Иорданиядағы әл-Азрак әскери-әуе базасына жасалған. АҚШ бұл база арқылы Иранға қарсы әскери операциялар жүргізген. Кейін америкалық әскерилер Иранға жаңа әуе соққыларын бастағанын хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына көңіл айтты.

Кейінірек CENTCOM X әлеуметтік желісінде америкалық әскерилердің Иран аумағына жаңа әуе соққыларын жасай бастағанын хабарлады.

Ұқсас ақпараттар