Былтырғы қазан айынан бері Сырдария өзені арқылы теңізге 1,4 млрд текше метр су құйылды. Қазіргі уақытта Солтүстік Арал теңізінде 23,5 млрд текше метр су бар, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметінше вегетациялық кезеңде теңізге секундына шамамен 40 текше метр су келіп құйылады.
2030 жылға дейін су көлемін 34 млрд текше метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл үшін Қазақстан мен Дүниежүзілік банк бірлескен жобасының екінші кезеңі аясында Көкарал бөгеті қайта жаңғыртылады.
Алайда балықшылардың айтуынша, тек су жіберу жеткіліксіз. Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітовпен кездесуде олар кейбір шаруашылықтар су алу лимитін асырып жіберетінін айтып, су пайдалануды қатаң бақылауды талап етті.
«Ауыл шаруашылығында су пайдалану лимиттері бекітілгенін білеміз, бірақ кейбір фермерлер бұл шектеулерді сақтамайтын жағдайлар бар.


