Алматыда көпқабатты тұрғын үйлерге қатысты жаңа тәртіп енгізіледі, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Енді ортақ электр энергиясы үшін қарыз туындаса, жарық тек берешегі бар пәтерлерде ғана өшіріледі.
Алайда лифт, кіреберіс жарығы, паркинг сияқты ортақ пайдаланылатын орындардың электр энергиясына қарыз жиналса, бұл қызметтер бүкіл тұрғындар үшін ажыратылуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін «Алма Сити» тұрғын үй кешенінің шамамен 300 млн теңге қарызына байланысты тұрғындар бірнеше рет жарықсыз қалған еді.


