Елімізде 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

2026 жылы қаңтар-маусым айларында Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өсті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Нақты сектордағы өсім 5,1%-ды, қызмет көрсету саласындағы өсім 3,5%-ды құраған.

Құрылыс саласында 15,2% көрсеткішпен ең жоғары өсім тіркеліп отыр.

Құрылыс секторындағы өсім тұрғын үй, инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік, әлеуметтік және коммуналдық жобаларды жүзеге асырумен байланысты. Биыл I жартыжылдықта 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 6,7%-ға жоғары.

Пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы ауданы 5,6 млн шаршы метрді құрайды. Жеке тұрғын үйлердің ауданы – 2,7 млн шаршы метр.

Ұқсас ақпараттар