Каспий теңізінде жоғалған жасөспірімнің денесі табылды

Каспий теңізінде жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі бірнеше күнге созылған іздеу жұмыстарынан кейін табылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға Ақтаудан 51 шақырым жерде орналасқан жағалаудың шомылуға арналмаған учаскесінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі жасөспірім SUP-тақтаймен теңізге шығып, кейін құтқару кеудешелерін шешіп, суға түсуге шешім қабылдаған. Сол кезде олардың бірі суға батып кеткен.

Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, іздестіру жұмыстарын бастаған. Жасөспірімдердің бірін аман алып қалу мүмкін болғанымен, екіншісі су астында жоғалып кеткен.

Бірнеше күнге созылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар жасөспірімнің мәйітін тапты.

Ұқсас ақпараттар