Астанада базар аумағында газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті

Астанадағы Жиенқұлов көшесінде орналасқан базар аумағында тандыр самса дайындайтын орында газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 50 литрлік газ баллонының герметикалығы бұзылуы салдарынан болған. Жарылыс нәтижесінде ғимараттың төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы қираған.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, барлау жұмыстары барысында үш зардап шегушіні анықтаған. Олардың барлығы қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас ақпараттар