Air Astana 15 шілдеден бастап Дубайға рейстерді қайта жандандырады

Air Astana ұшақтары 15 шілдеден бастап Дубайға қайта ұшады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Әуе компаниясы Алматы-Дубай-Алматы және Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Air Astana  Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ұшу кестесі өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.

Бұған дейін Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты 13 және 14 шілдеге жоспарланған Алматы — Дубай — Алматы, сондай-ақ 14 шілдедегі Астана — Дубай — Астана рейстерін тоқтатты.

Ұқсас ақпараттар