Венесуэладағы жер сілкінісі: Қаза тапқандар саны 4 мыңнан асты

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 4 118-ге жеткен, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Мыңдаған адам зардап шегіп, көп ғимарат қираған. Апат  болған аймақта ауқымды құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұл туралы Боливариан Республикасының Ұлттық ассамблеясының (парламент) төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеме жасады. Ол Telegram-арнасында табиғи апат салдарынан 16 740 адам жарақат алғаны, 17 907 адам баспанасыз қалғаны жайында жазған. Сонымен қатар 190 ғимарат қирап, тағы 856 ғимаратқа айтарлықтай зақым келген.

Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде 6 462 адам құтқарылып, 30 мыңға жуық адам ауруханалар мен медициналық мекемелерде ем қабылдаған. Зардап шеккен 86 794 отбасыға көмек көрсетіліп, оларға 9 766 тонна азық-түлік жеткізілген.

Еске сала кетейік, 2026 жылы 24 маусымда Венесуэлада магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жойқын жер сілкінісі тіркелген еді.

Ұқсас ақпараттар