Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Астана–Дубай рейсі кері қайтты

Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың күрделенуіне байланысты Астанадан Дубайға бағыт алған жолаушылар ұшағы әуежайға кері оралды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, KC205 Астана–Дубай рейсі бүгін таңғы сағат 07:10-да жоспар бойынша ұшып шыққан. Алайда әуе кеңістігіндегі қауіпсіздікке байланысты шектеулер енгізілгеннен кейін ұшақ әуеге көтерілген соң Астана әуежайына қайта қону туралы шешім қабылданған.

Air Astana әуе компаниясы Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстерге қатысты жағдайға түсініктеме берді. Компания Біріккен Араб Әмірліктерінен жолаушыларды шығару мәселелерін шешіп жатқанын мәлімдеп, рейстердің тоқтатылуы мен кестедегі өзгерістер туралы ескертті.

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 шілдеде Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты келесі өзгерістер болған.

Ұқсас ақпараттар