Биыл қанша білім гранты бөлінді?

Жаңа оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлініп отыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Оның 75 371-і бакалавриатқа, 11007-і магистратураға, ал 3079-ы докторанатураға түсушілерге арналады. Жалпы гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына, ал 21%-ы педагог кадрларды даярлауға бағытталған.

Бүгінде білім мен ғылымға ерекше көңіл бөлінеді. Жастардың білім алып, ғылыммен айналысуына жағдай жасалуда. Конституцияда да білім мен ғылым еліміздің стратегиялық бағыты ретінде анық жазылған. Демек, бұл елдің экономикалық өсімі, бәсекеге қабілеттілігі және болашақ дамуы білімді ұрпақ пен ғылыми жетістіктерге тікелей байланысты екенін көрсетеді.

Ұқсас ақпараттар