CENTCOM Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазын жапқаннан кейін Иран аумағындағы нысандарға соққы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
«Бұл соққылардың мақсаты – Иранның Ормуз бұғазы арқылы жүретін азаматтық және жүк кемелеріне шабуыл жасау мүмкіндігін азайту. Әскери операция АҚШ президенті әрі Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының бұйрығымен жүргізіліп жатыр», — деп жазды CENTCOM.
Axios басылымының мәліметінше, АҚШ Иранның радиолокациялық жүйелеріне, зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының қоймаларына, сондай-ақ зымыран ұшыру қондырғыларына соққы жасап жатыр.

