Омбыдағы гүлзар алаңына Кемел Тоқаевтың есімін беру ұсынылды

Омбы қаласының орталығындағы скверге Қазақстан президентінің әкесі Кемел Тоқаевтың есімін беру ұсынылды. Соңғы шешімді қалалық кеңес 15 шілдеде қабылдайды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бұл орыннның таңдалғанының өзінің символдық мәні бар. Гүлзар алаңы 1945 жылдың қысында ауыр жараланған сержант Кемел Тоқаев эвакуацияланған госпитальдің жанында орналасқан.

Майдангер жарылғыш оқтан жарақат алып, аяғынан айырылып қалуы мүмкін еді, алайда дәрігерлер оның аяғын кесуден аман сақтап қалды. Екінші дүниежүзілік  соғыстан кейін Кемел Тоқаев қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалап, Отанына бейбіт күнде де еңбегін сіңірді.

Омбыдағы соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь ғимаратына Кемел Тоқаевқа арналған мемориалдық тақта орнатылған.

Ұқсас ақпараттар