Елімізде бастауыш сыныптардан БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау мәселесі талқыланып жатыр

Қазақстанда бастауыш сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Министрдің айтуынша, түпкілікті шешім тамыз кеңесінде қабылдануы мүмкін.

Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше, бұл бастама қоғамда қолдау тауып, қызу талқыланып жатыр.

«Ел арасында ТЖБ, БЖБ немесе СОР, СОЧ деп аталатын бағалауды бастауыш сыныптан алып тастау туралы ұсынысымыз кеңінен қолдау тауып, талқыланып жатқаны қуантады. Осыған байланысты жүргізілген зерттеулердің нәтижесін ортаға салғым келеді», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Ұқсас ақпараттар