Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

AI-Sana бағдарламасының нәтижесінде еліміздегі университеттерде жасанды интеллект саласында 440-тан астам қолданбалы жоба әзірленген, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бағдарламаның алғашқы кезеңінде жасанды интеллект құзыреттерін қалыптастыруға және кадрлар даярлауға назар аударылса, ал қазір студенттер нақты салалық міндеттерге бағытталған цифрлық шешімдерді ұсынуға дайындалып жатыр.

Бағдарламаның екінші кезеңінде еліміздегі 105 жоғары оқу орнынан 87 мыңнан астам студент пен 1 500-ден астам куратор білім алып жатыр. Осы уақыт ішінде бағдарлама қатысушылары ұлттық компаниялар мен экономиканың басым салаларындағы қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған 442 жасанды интеллект шешімін әзірлеген.

Бұл жобалар білім беру мен ғылымнан бастап денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қаржы және өнеркәсіпке дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтиды. Жобалардың ең көп саны білім беру саласында жүзеге асырылады.

Ұқсас ақпараттар