41°С-қа дейін ыстық: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 7-8 шілде күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

7 шілдеде орталықта және шығыста, 8 шілдеде батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында, 9 шілдеде батыста қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал.

Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

Солтүстік-батыста және орталықта ауа температурасы 35-39°С-қа дейін көтеріліп, жекелеген аудандарда 41°С-қа дейін жететін өте қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік өңірлерде 35-38°С-қа дейінгі қатты ыстық болуы мүмкін.

Ұқсас ақпараттар