Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы жексенбі күні өткен кезектен тыс съезінде Құрылтайға ұсынылатын кандидаттар тізімін бекітті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Олардың қатарында партияның Азат Перуашев пен қазіргі төрағасы Дания Еспаева бар.
Партиялық тізімге еліміздің барлық өңірлерінен, кәсіпкерлік саладан, сарапшылар қауымдастығынан және түрлі қоғамдық қызмет өкілдері енгген.
Олардың ішінде VII және VIII шақырылым Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары — Дания Еспаева, Азат Перуашев, Ерлан Барлыбаев, Қазыбек Иса, Берік Дүйсембинов, Серік Ерубаев, Олжас Нұралдинов, Ерлік Өмірғали бар.
Съезд барысында партияның «Сөзсіз өзгеріс» атты сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Дания Еспаева атап өткендей, «қазіргі таңда елге тек саяси өзгерістер ғана емес, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ететін, әділ бәсеке қалыптастыратын, тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін нақты шешімдер қажет».


