Докторантураға құжат қабылдау басталды

Қазақстанда 2026 жылғы 3 шілдеден бастап докторантураға түсу емтиханына қатысу үшін үміткерлерден өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы мәлім етті.

Ресми мәліметке сәйкес, құжаттарды тіркеу 3 тамызға дейін орталықтың http://app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі. Ал түсу емтихандарының өзі 4-20 тамыз аралығында өткізілмек. Айта кетерлігі, биыл докторантураға түсушілер тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір ғана тобын таңдай алады. Өтінішке (тапсыру қаласы, тілі және мамандық тобы) өзгерістер енгізу қажет болса, жүйе жабылғанға дейін оны өңдеуге немесе жоюға рұқсат беріледі. Тестілеудің нақты орны мен уақыты туралы ақпарат 9 тамызда үміткердің жеке кабинетінде жарияланады.

Ұқсас ақпараттар