Қазақстан паспорты Орталық Азия елдері арасында көш бастады

Қазақстан Global Passport Index 2026 әлемдік рейтингінде Орталық Азия елдері арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Жалпы рейтингте Қазақстан 109-орынға жайғасқан. Бұл – көршілес елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Одан кейін Өзбекстан (123-орын), Қырғызстан (127-орын), Тәжікстан (140-орын) және Түрікменстан (144-орын) орналасқан. Ал Түркия 96-орынға, Әзербайжан 126-орынға тұрақтаған.

Жекелеген көрсеткіштер бойынша Қазақстан халықаралық мобильділік рейтингінде 112-орынды, инвестициялық тартымдылық бойынша 61-орынды, ал өмір сүру сапасы бойынша 112-орынды иеленген.

Ұқсас ақпараттар