Қазақстанда тағы бір тасжол ақылы болады

2026 жылғы 11 шілдеден бастап «Талдықорған – Өскемен» республикалық маңызы бар автожолының 287-1073 шақырым аралығы ақылы болады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Төлем мөлшері көлік құралының санатына байланысты белгіленеді.

Бір бағыттағы жол ақысы 117 теңгеден 25 292 теңгеге дейін өзгереді. Ақылы учаскенің жалпы ұзындығы 772,95 шақырымды құрайды. Бұл режим алдағы 20 жылға енгізіледі.

«Талдықорған – Өскемен» автожолы «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасы» халықаралық транзиттік дәлізінің бір бөлігі саналады. Билік ақылы жүйені енгізу жол инфрақұрылымын күтіп ұстау және одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп отыр.

Ұқсас ақпараттар