Күнтізбе Орталық сайлау комиссиясының алғашқы отырысында бекітілді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Мемлекет басшысы жаңа мемлекеттік орган – Құрылтай депутаттары сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға тағайындады.
Сайлау науқанының негізгі кезеңдері:
1 шілде – сайлауды тағайындау;
2 шілдеден 13 шілде сағат 18:00-ге дейін – партиялық тізімдерді ұсыну;
23 шілде сағат 18:00-ге дейін – партиялық тізімдерді тіркеу;
11 шілдеге дейін – аумақтық сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жері туралы ақпаратты жариялау;
16 шілдеге дейін – учаскелік сайлау комиссия құрамын, сайлау учаскелері шекаралары және сайлау комиссиялары орналасқан жері туралы мәлімет жариялау;
23 шілде сағат 18:01-ден 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін – сайлауалды үгіт-насихат жүргізу;
2 тамыз – сайлаушылар тізімдерін актпен учаскелік сайлау комиссияларына тапсыру;
7 тамыздан бастап – сайлаушылар, сайлаушылар тізімінен танысуы;
22 тамыз – үнсіздік күні;
23 тамыз – дауыс беру.


