Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленді.
Бұған дейін Президент елдің жаңа өкілді органының атауы Құрылтай болатынын мәлімдеген еді. Жаңа Конституцияға сәйкес, Құрылтай заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде жұмыс істейді.
Президенттің айтуынша, жаңа құрам кәсіби білігі жоғары, қоғам мүддесін қорғай алатын азаматтардан жасақталуы тиіс. Сонымен қатар жаңа институттың уақыт талабына сай жұмыс істеп, елдің саяси және құқықтық дамуына серпін беруі маңызды екені атап өтілді.


