Ертеңнен бастап билік жүйесі жаңара бастайды

1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енеді. Елде билік жүйесін жаңарту басталады. Алдағы екі ай ішінде негізгі лауазымды тұлғалар қайта тағайындалады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Бұл туралы Қазақстанның Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді.

Өтпелі кезеңде (шамамен 2 ай) бұл лауазымдарда отырған адамдар уақытша (и.о.) болып қала береді немесе қайта тағайындалғанша қызметін жалғастырады. Бас прокурор, Ұлттық банк төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы, Жоғары сот кеңесінің төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл. Құрылтайға сайлау науқаны басталады.

Қыркүйек айында Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Жаңа Құрылтайдың келісімімен жаңа Үкімет құрамы жасақталып, вице-президент тағайындалады.

Осылайша, жаз айларында кадрлық өзгерістер жүзеге асса, күзде елдегі жаңа саяси жүйе толық қалыптасады.

Ұқсас ақпараттар