Елдегі жанармай талан-таражға түспейді: Ресеймен шекарада бақылау күшейтілді

Ресейдегі жанармай нарығындағы дүрбелеңге байланысты Қазақстанның Энергетика министрлігі елде жанар-жағармай тапшылығы туындауына қатысты қаупі жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Сонымен қатар, шекарадағы өткізу бекеттерінде бақылау күшейтілді.

Министрліктің мәліметінше, ішкі нарықта жазғы және туристік маусымда тұтынушыларды тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз етуге жеткілікті көлемде мұнай өнімдерінің қоры қалыптастырылған.

«Жалпы резерв көлемі 1,1 миллион тоннадан асады. Оның ішінде АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин, сондай-ақ дизель отыны бар. Бұл қорлар тұрақты түрде мұнай өңдеу зауыттарының қазіргі өндірісі есебінен толықтырылып отырады», деп мәлімдеді Энергетика министрлігі. 

Сондай-ақ министрлік 21 қарашаға дейін автокөлік және теміржол көлігі арқылы мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға уақытша шектеу енгізілгенін еске салды.

Ұқсас ақпараттар