1 қаңтар – 31 мамыр аралығында Алматыда 3 035 жол апаты оқиғасы болып, 3 452 адам жарақат алды, 73 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Жол апаты ең көп тіркелген аудандар:
Алмалы – 501 оқиға
Алатау – 473
Бостандық – 456
Әуезов – 429
Медеу – 369
Түрксіб – 337
Жетісу – 270
Наурызбай – 200
Мамандардың айтуынша, барлық жол апатының 60%-дан астамы Алмалы, Алатау, Бостандық және Әуезов аудандарына тиесілі.
Орта есеппен Алматыда тәулігіне 20-ға жуық жол апаты болып, 22-ден астам адам зардап шегеді.


