24 маусым күні Венесуэлада болған екі жойқын жер сілкінісінің салдарынан кемінде 1430 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Билік мәліметінше, 3360 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Ал БҰҰ-ның бағалауынша, 50 мыңнан астам адам әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Хорхе Родригес бұл жер сілкіністерін «Венесуэланың соңғы 123 жылдағы ең ауыр апаты» деп атады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 3142 отбасы уақытша баспаналарға орналастырылған.
Сондай-ақ ол сәрсенбі күнгі екі негізгі жер сілкінісінен кейін 430 афтершок тіркелгенін хабарлады.


