Қазақстанның батысында автогаз жеткілікті — министрлік

Энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытына жасалған шабуылдан кейін жанармай тапшылығы туралы қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

«Маңғыстау және Атырау облыстарына сұйытылған мұнай газын жеткізу тұрақты режимде және өңірлердің ай сайынғы есептік қажеттілігінен жоғары көлемде жүзеге асырылуда», — делінген мәлімдемеде.

Маңғыстау облысы бойынша: облыс әкімдігі мәлімдеген 18 мың тонна қажеттілікке қарамастан, маусымда өңірге 19,5 мың тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді. Газды тиеп-жөнелту күн сайын жалғасуда.

Атырау облысы бойынша: өңірдің есептік қажеттілігі 9 мың тоннаны құрайды. Атырау мұнай өңдеу зауытының жоспарлы профилактикалық жөндеуге тоқтағанын есепке алғанда, Атырау облысы 11,6 мың тоннадан астам сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етілді.

«Жергілікті сипаттағы уақытша іркілістердің Қарашығанақ кен орнындағы газ өндіру көлемінің төмендеуімен байланысты екені жөнінде таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Кен орнындағы жоспарлы жұмыстар ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге теріс әсерін тигізбейді», — деп мәлімдеді министрлік.

Ұқсас ақпараттар