Павлодарлық дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған 46 жастағы тұрғынды аман алып қалды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Ер адамның жүрек ырғағы бұзылып, салдарынан ол клиникалық өлім жағдайына түскен.
Жедел жәрдем қызметкерлері дереу жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді.
Жүрек қызметі қалпына келтірілгеннен кейін пациент облыстық кардиологиялық орталыққа жеткізілді.
Қазір науқас орталықтың жансақтау бөлімінде мамандардың бақылауында ем қабылдап жатыр.


